ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ КӨҢІЛГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Балаларға — бірге көмек көрсетейік!» атты ұранымен биыл да өз жалғасын табуда. Акцияның алға қойып отырған мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына орай материалдық қолдау көрсету болып табылады.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру — азаматтық борышымыз.
Осы орайда, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының басшысы Жанат Тоғайбекованың демеушілігімен, А. Гайдар атындағы ЖОМ-нің 10 оқушысына Кәсіподақ ұйымының төрайымы Р. Байдаулетова оқуға қажетті сумкалар мен керекті құрал-жабдықтарын табыс етті.

— Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен аудандық орталық аурухана ұжымына және басқа да демеушілерге мектеп ұжымы атынан өз ризашылығымызды білдіреміз,- дейді аталмыш білім ордасының директоры. Бұл қайырымдылық іс-шарасына оқушылардың ата-аналары да риза болды.

Мұндай құрмет аурухана қызметкерлерінің арасындағы көп балалы отбасылардың 1-сыныпқа баратын балаларына да көрсетілді. Еске салсақ, былтыр Түркістанда 300 оқушыға мектепке қажетті құралдар берілді. Дәлірек айтқанда, мектеп формасы, спорттық және қыстық киім, оқуға қажетті жабдықтарды үлестіру Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Базарбай Мұсабековтің демеушілігімен жүзеге асырылған еді. Жалпы бүгінгі күнге дейін «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 8 млн. теңге көлемінде 531 бала оқуға қажетті құралдармен қамтылған. Оның ішінде, қала әкімдігі 200 балаға, «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы тарапынан 100 балаға мектеп формасы, оқу жабдықтары табысталған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *