Олардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар. 2023-2024 жаңа оқу жылында Түркістан облысында 51 621 бала 1-сыныпқа барады. Бүгінде 52 мыңға жуық баланың, яғни 94%-ының ата-анасы құжат тапсырды. Оның ішінде 77%-ы баласы үшін (36 678 бала) қазақ тілінде білім беретін мектепті таңдаған. Өзге ұлт өкілдерінен қазақ сыныбына 1 496 бала 1-сыныпқа құжат тапсырды. Жалпы, өңірде 907 мемлекеттік мектеп бар. Онда 490 920 оқушы білім алады. Білім ордалары 87 844 компьютермен жабдықталған. Демек, бір компьютерді 5-6 бала пайдаланады.
Оның ішінде:
2020-2021 оқу жылында Үкімет резервінің қаражатынан 7 711 планшет, 5 952 компьютер, 43 527 ноутбук («МТ-Сервис» – 21 763, «Технодом» – 21 764), барлығы 57 190 компьютер сатып алынды.
24 317 компьютер мектеп қорынан, 2 339 компьютер жергілікті бюджет есебінен, 1 445 компьютер «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен алынған.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің «Мүлікті республикалық меншіктен Түркістан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы №94 бұйрығына сәйкес, республикалық мемлекеттік мекемесі теңгерімінен облыс мектептерінің меншігіне 2 553 дана планшет берілді.
Биыл Түркістан облысында 51 621 оқушы 1-сыныпқа барады. Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 188 мыңға жуық бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Облыста салынып жатқан 33 мектептің бесеуі 1 қыркүйекте тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі,Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 жаңа заманауи автобустар алынды. Олар 101 мектепке жеткізілді. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.
Әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы және оқу құралдарын алуға облыстық бюджеттен 1 млрд. 316 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы санаттағы 32 455 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалды. Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам оқушы қамтылады.