Оқушыларға арналған киімдер, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті құралдар ұсынылды. Ордабасы ауданында «Мектепке жол» акциясы болып өтті . Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Мектепке жол» акциясы болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев қатысты. Таңнан бастау алған шарада мектеп оқушыларына арналған киімдер, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті құралдар ұсынылды. Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 2500-ден астам балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.
Бұдан бөлек, аудан әкімі Азат Оралбаевтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер де акцияға атсалысты. Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының «АвтоНұр» сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларды нарықтан 20-30 пайыз жеңілдікпен ұсынды. Сондай-ақ, аталған акция барысында аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат депуттары бірлесе отырып 523 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Бүгінде аталған науқандық акция ауданның барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.
Балалардың мектепке жолы қуанышты болуы үшін балаларға шынайы қамқорлық пен назар аудару қажет. Акцияны ұйымдастырушылар қатарына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың (қалалардың) әкімдіктері, білім басқармалары, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер және кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың мүшелері, басқа да мүдделі тараптар кіреді. Биыл жалпыға міндетті білім қоры есебінен 32 мыңнан аса балаға 40 567 теңге көлемінде көмек көрсетіледі», — деді Білім басқармасының өкілі. Брифингте белгілі болғандай, аудан, қала әкімдіктері «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, сондай-ақ, мектеп формасы мен оқу құралдарын халыққа қол жетімді бағада ұсыну үшін жәрмеңкелер өткізеді. «2023 жылдың тамыз айында «Атамекен» ҰҚП-ның мектеп тауарларын өндіретін кәсіпкерлерімен келіссөз жүргізілді. Осы ретте мектеп формасына қатысты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 17 аудан, қала әкімдіктерінің шалғай ауылдарында «Мектеп жәрмеңкесі» өткізіледі», — деді Самат Жандарұлы. Облыс аумағында 4 кәсіпорын және 5 жеке кәсіпкер айына 15 мың дана мектеп формасын тігуге мүмкіншілігі бар. Ал аяқ киім тігумен Арыс қаласында «Арай» ӨК айналысады.