МАҚТААРАЛДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ» НАУҚАНДЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Республикалық «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы Мақтаарал ауданында да өтті.
Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен іс-шарада мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарды сатушылар аудан тұрғындары үшін өз өнімдері мен тауарларын ұсынды.

Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету — акцияның негізгі мақсаты.

Жәрмеңкеге облысымыздың және ауданымызың кәсіпкерлері қатысып, оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдіктермен ұсынды.

Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 2500 ден астам балаға, мұнан бөлек аудан әкімі Азат Оралбаевтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан да балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

Бұл реткі «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты – оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының «АвтоНұр» сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларын 20-30 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. Айта кетерлігі, аталған науқандық акция осы уақыт аралығында ауданның барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *