Президент жауапты іс атқарып жүрген ұстаздарға алғы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесіне қатысушыларға құттықтау жолдады.
Бүгін тамыз кеңесінің екінші күні өтіп жатыр. Премьер-министрдің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Президенттің құттықтау сөзін оқып берді.
Құрметті кеңеске қатысушылар! Қадірлі ұстаздар! Сіздерді білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтердің басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды, — делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Бұл — еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды бас қосу.
Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім-білімнің жеңісі екені сөзсіз. Ұлағатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны -мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болады» деген. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі отаншыл болуына байланысты. Жастарды адал азамат етіп тәрбиелеу, олардың бойына ізгі құндылықтарды сіңіру — аса маңызды міндет. Осы жауапты істі абыроймен атқарып жүрген ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін, — деп айтты Тоқаев.

Президенттің құттықтау сөзінде айтылғандай, мемлекет білім саласының өркендеуіне әрдайым баса мән береді. Елімізде жастарымыздың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
Заман талабына сай оқу орындары көптеп салынып жатыр. Арнайы заң қабылданып, педагогтердің мәртебісі құқық жағынан реттелді. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса назар аударылып жатыр. Осындай қолдау шаралары болашақта да жалғаса береді, — деп Тамара Дүйсенова Президенттің құттықтауын оқып берді.

Айта кесек, биыл Түркістан облысында 51 621 оқушы 1-сыныпқа барады. Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 188 мыңға жуық бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Облыста салынып жатқан 33 мектептің бесеуі 1 қыркүйекте тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі.Жаңа оқу жылына дайындық барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Білім саласына қатысты мәселелер облыс әкімінің жігі бақылауында. Өңір басшысы облыстағы жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен жылу маусымына дайындығын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарынының уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды жүктеді. Білім беру ошақтарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын, барлық балабақша, мектепке автобус тасымалдауы жайында тапсырмалар берді.Облыстағы мемлекеттік 1 мың білім беру мекемелері 100% дабыл батырмаларымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс білім беру ұйымдары күзет фирмаларымен келісім-шартқа тұруда. Қажеттікке байланысты беру ұйымдарының қоршауы жаңартылуда. Ішкі әжетханасын ретке келтіруі тиіс 89 мектепте кәріз жүйесін ретке келтіруі жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *