ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында «Мектепке жол» атты Республикалық акция ұйымдастырылды. Шара барысында Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев сөз алып, жаңа оқу жылы қарсаңында білім алушыларға сәттілік тілеп, өз құттықтауын жеткізді.

— Балалар біздің болашағымыз. Балаға салынған инвестиция ешқашан артық болмаған. Мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып оқушылардың сапалы білім алуы мақсатында шаралар атқарылуда. Бүгінгі шараны бүлдіршіндерімізге көтеріңкі көңіл сыйлап, көпбалалы ата-аналарға демеу білдірсек деген ниетте өткізіп отырмыз. Құрметті ата-аналар, өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз елдің мақтанышы болып, абыройларыңызды асқақтата берсін», — деді аудан әкімінің орынбасары.

«Мектепке жол» акциясы Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде өтті. Онда 100-ге жуық балаға мектепке қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелер таратылды. Сонымен қатар, аталған акция шеңберінде балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы аниматорларлық көріністер қойылып, бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды.
Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 2500 ден астам балаға, мұнан бөлек аудан әкімі Азат Оралбаевтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан да балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.
Бұл реткі «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты – оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының «АвтоНұр» сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларын 20-30 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. Айта кетерлігі, аталған науқандық акция осы уақыт аралығында ауданның барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *