ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЕЛІМІЗДІҢ ӘР АЙМАҒЫНАН КЕЛГЕН ПЕДАГОГТАР ОҚУШЫЛАР САРАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістанда білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, білім беру саласындағы ең ауқымды әрі маңызды жиынға қатысушылар «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубына да экскурсия жасап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Жалпы саны 50-ге жуық білім саласының майталмандары облыс орталығындағы бірегей нысанның мүмкіндіктері мен оқушылардың білім алуына оң бағаларын берді.

Атап айтсақ, зергерлік және құмыра жасау өнеріне қызығушылықтарын танытып, үйде жұмыссыз отырған көпбалалы аналарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертетін «Ісмер ана» жобасына қатысты жақсы ойларын жеткізді. Сонымен бірге, еліміздегі жалғыз робототехника және наноспутник үйірмесіне ерекше назар аударып, Оқушылар сарайының авторлық мультфильмі мен эстрадалық вокал үйірмесінің дайындығын тамашалады. Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру бағытында қолға алынған «Аялы алақан» жобасын талқылап, ғимарат дизайны мен қолөнер бұйымдарынан жүн жасау процесіне қызығушылық танытты.
Түркістан облысында тұңғыш рет ашылғалы тұрған орталық 1100 оқушыға лайықталған. Басқа оқушылар сарайына қарағанда өзгешелігіміз техникалық бағытымыз болып тұр. Осы негізде кино және дыбыс режиссері, оператор, фотограф болуға балалардың бұғанасын бекітсек, радио мен телеарна журналисі, дубляж жасау ісіне оқытып, қанатын қатайтпақпыз. Үйірмелер қатарын жас фотограф, жас продюсер, IT саласы мен sana орталығы толтырады. Оған білікті техникалық мамандар арнайы шақыртылып, өз тәжірибесімен бөліседі.

Айта кетерлігі, үйірмелерге қатысу үшін оқушылардың жасына шектеу қойылмайды. 5 жастан бастап 11 сынып оқушыларына дейін қатыса алады. Мысалы ондағы тілдерді оқыту және дамыту орталығында балаларды мектепке даярлап тіл үйретсе, мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындайды екен.

Келешекте архитектор және баспа ісі деген мамандықты да қолға алуды көздеп отыр. Ондағы мақсат облыс орталығынан балалар радиосы мен арнасын және журналын ашуды қолға алмақ. Жастайынан өзі ұнатқан салаға биімдеп, мамандарды өзіміз қалыптастырады. Сонымен қатар, орталықта фотостудия мен кино павилоны, 400 адамға арналған театр болады. Өлкемізде өскен ұлы адамдарды дәріптеу мақсатында үйірмелер тау тұлғалардың атымен аталмақ. Шәмші, Абай, Әл-Фараби есімдері үйірме негізіне айналуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *