“МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ТАРИХИ ТАНЫМ” АТТЫ ТАҚЫРЫППЕН СЕКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

№3 секция жұмысын Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Садықова Ардақ Мәдіханқызы жүргізіп отырды. Ардақ Мәдіханқызы үшінші секцияны бастап, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Астана қаласынан келген спикер педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Қоңырбаева Сараш Сахиқызы баяндамасымен сөз кезегін жалғастырды. Ол “Даналық мектебі — ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің ұлттық мазмұны” туралы толық ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ, жиын барысында “Ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында”, “Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуында тәрбие мәселесі”, “Бала тәрбиесіндегі ата-баба дәстүрі отбасы және мектеп”, “Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы”, “Жеке тұлға қалыптастыруда әскери-патриоттық тәрбиенің маңызы”, “Тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану”, “Отбасылық тәрбие мектебі жобасы: мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы”, “Цифрлық орта: мәдени мұраны дәріптеуде цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері” тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Қатысушылар аталған тақырыптарды мұқият тыңдап, қағаз бетіне түртіп отырды. Сессия барысында спикерлерге көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Ойларымен бөлісіп, өзекті мәселелер мен ерекше ұсыныстарды талқыға салды. Олардың қатарында жаңа жобалардың жоспарлары да таныстырылды. Нәтижесінде айтылған ойларды жинақтап “Тамыз кеңесі – 2023” пленарлық сессиясына ұсыныстар берілді.
Айта кетсек, Түркістанда білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, білім беру саласындағы ең ауқымды әрі маңызды жиынға қатысушылар «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубына да экскурсия жасап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жалпы саны 50-ге жуық білім саласының майталмандары облыс орталығындағы бірегей нысанның мүмкіндіктері мен оқушылардың білім алуына оң бағаларын берді.
Атап айтсақ, зергерлік және құмыра жасау өнеріне қызығушылықтарын танытып, үйде жұмыссыз отырған көпбалалы аналарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертетін «Ісмер ана» жобасына қатысты жақсы ойларын жеткізді. Сонымен бірге, еліміздегі жалғыз робототехника және наноспутник үйірмесіне ерекше назар аударып, Оқушылар сарайының авторлық мультфильмі мен эстрадалық вокал үйірмесінің дайындығын тамашалады. Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру бағытында қолға алынған «Аялы алақан» жобасын талқылап, ғимарат дизайны мен қолөнер бұйымдарынан жүн жасау процесіне қызығушылық танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *