ТӘРБИЕ САЛАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Абай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де ағымдағы жылдың 22-тамызы күні «Білім алушылар үшін жайлы орта құрудың және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында тәрбие саласының облыстық тамыз кеңесі өткізілді. Аталған жиында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Бекжанов Еркін Жорабекович, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Жанаева Ғалия Амиралиевна, Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Айкөзова Динара Рахматуллаевна, Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі Алимбекова Гүлжан Алимжановна, Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының тәрбие әдіскері Басқараева Рапия Тухтабайқызы, Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының әдіскері Мусабаева Мадина Тельжановна, Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының әдіскері Уразымбетова Ардақ Елеусизовна, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Курманбаев Сакен Мейірбекұлы және облысымыздың аудан, қалаларынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік-педагогтары, дефектологтары, тәлімгерлері қатысып, 2021-2022 оқу жылын қорытындылап, 2022-2023 жаңа оқу жылына ерекше бастамаларымен тәжірибе алмасты. Атап айтқанда «Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім», «Тәрбиенің тірегі — Мағжан педагогикасы», «Оқушының мәдени нормативі мәдени-ағартушылық жобасы аясында оқушылардың патриоттық сезімін ояту», «Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға қолдау көрсету», «Баланың тәрбиелік әлеуетін дамытудағы әлеуметтік-педагогтің рөлі», «Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» атты баяндамалар оқылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебінде
«Білім алушылар үшін жайлы тәрбие мен салауатты орта құру және балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету » тақырыбында тәрбие, балалардың құқықтарын қорғау және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау саласы бойынша панельдік секциясы өтті.
Секцияға Түркістан облысы, аудандық/қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, сынып жетекшілері және арнайы педагогтар қатысты.
Секцияда талқыланған мәселелер:
— 2022-2023 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру, бала құқықтарын қорғау, жасөспірімдердің арасында суицидті алдын алу, бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, балаларды тасымалдау, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуы және педагогикалық-психологиялық қолдау жұмыстары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *