Республикалық Тамыз кеңесі Түркістан облысында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие тақырыбында республикалық тамыз кеңесінің секциялық отырыстары басталды.
Секциялық отырыстар «Фараб» кітапханасының мәжіліс залы мен оқу залында және «Ұлы Дала Елі» орталығында өткізілді.
«Адал азамат – ел тірегі» тақырыбындағы №1 секция жұмысын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы жүргізіп отырды.
Сондай-ақ, “Буллингтің алдын алуда эмоционалды интеллектінің рөлі” атты баяндаманы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші сарапшысы Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы сала мамандарына кеңінен тарқатып айтып өтті.
Бұдан бөлек, “Жаһандық қайта құрулар дәуіріндегі ұрпақ тәрбиесі”, “Әскери-патриоттық тәрбие – отаншылдық кепілі”, “Медиасауат — ХХІ ғасырдағы Қазақстан азаматтарының негізгі машығы”, “Тәрбие жұмысындағы жобалардың маңыздылығы”, “Рухы биік, отаншыл ұрпақ мектеп тәжірибесінде”, “Табысты нәтиже: идеядан тәжірибеге дейін”, “Құндылықтарға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері”, “Баланың жақсы мінез-құлқы, ата-ананың жағымды іс-әрекетінен басталады”, “Қоғамға қызмет ету: әлеуметтік жоба «Саналы жастар» жобасы” тақырыптарына өзге өңірлерден келген арнайы мамандар баяндамаларын оқыды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарға жауап алды. Нәтижесінде, “Тамыз кеңесі – 2023” пленарлық сессиясына ұсыныстар білдірді.
Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» (Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие) тақырыбында жаңа форматта республикалық тамыз кеңесі өтті. Пленарлық отырысқа Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Түркістан облысында білім саласында жеткен жетістіктермен бөлісті. Сондай-ақ жаңа оқу жылындағы жоспарлармен бөлісті.