Түркістан облысында кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Бұл көрсеткіш өткен жылы колледждерге 17 мың грант бөлініп, оның 11 110 граныты игеріліп, қалған 6 900 орыны игерілмей кері қайтарылған еді.
Сонымен қатар, қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 27 мыңнан 37 мыңға артып отыр.
Айта өтсек, Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда. Олардың 960 орындық 4 жатақханасы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Алматы құрылыс-монтаж колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі жанынан ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 1512 орындық 9 жатақхананы Шымкент қаласында, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында ашу жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85% — дан астамы жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілген.Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда. Олардың 960 орындық 4 жатақханасы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Алматы құрылыс-монтаж колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі жанынан ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 1512 орындық 9 жатақхананы Шымкент қаласында, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында ашу жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85% — дан астамы жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілген.