Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21-25 тамыз аралығында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерінде қызмет атқарып жүрген «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарда оқитын ұл-қыздарына арналған мектепке қажетті оқушылар сумкалары мен оқу-құралдарын тапсыру жұмыстары жүргізілді.
Мақтаарал ауданы бойынша екі кент және тоғыз ауылдық округтерде орналасқан білім беру мекемелерінде алдын ала түзілген кестеге сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Атқару комитетінің мүшелері С.Айтынбетов, М.Айткулова, Т.Ниязбеков, Д.Дүрменбаев, А.Аяпов, С.Татеев, А.Ахментаевалар «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерін жаңа оқу жылымен құттықтап, аудандық кәсіподақ комитеті дайындаған мектепке қажетті оқушылар сумкалары мен оқу-құралдарын табыстады.
«Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылып өтілуі барысында аудандық кәсіподақ комитетіне қолдау көрсеткен мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 2500 ден астам балаға, мұнан бөлек аудан әкімі Азат Оралбаевтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан да балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.
Бұл реткі «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты – оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының «АвтоНұр» сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларын 20-30 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. Айта кетерлігі, аталған науқандық акция осы уақыт аралығында ауданның барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *