Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев облыстық мәслихат депутаты У.Рахиевпен біргелікте Жылға ауылдық округі, Жылға елді мекенінде салынып жатқан спорт кешенінің құрлысымен танысты. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын көрді.
Айта кетсек, құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан, іргетас (бетон) құю жұмыстары жүргізілуде.
-Спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт. Осындай үлкен жауапкершілікті алып отырсыз ба, құрылысты мерзімінде аяқтап, тұрғындар игілігіне беруді басты мақсат тұтыңыз,-деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, Жылға ауылдық округі, Шайхана елді мекеніне арнайы барып, Т.Бокин атындағы бастауыш мектепте жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда, білім беру нысанында сарқынды суларға арналған септик қазылып, жылыту жүйесі жаңартылып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, есік-терезелері ауыстырылған. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, кейбір олқылықтарды көзі шалған аудан басшысы жауапты бөлім басшысына жаңа оқу жылына дейін жөндей жұмыстарын аяқтау бойынша талап қойды.
Содан соң, аудан басшысы Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарының өтініші сәйкес, Жылға елді мекенінде орналасқан №56 бастауыш білім беретін мектебінің жай-күйімен облыстық мәслихаттың депутаты Уалихан Рахиевпен біргелікте барып, танысты. Аралау нәтижесінде аудан басшысы тұрғындарға аталған мәселелер бойынша облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс хат жолданатынын жеткізді.