ТАНЫМАЛ СУРЕТШІ АҢСАҒАН МҰСТАФА ТАМЫЗ КЕҢЕСІНЕ КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРҒА СУРЕТ КӨРМЕСІН ҰСЫНДЫ

Бүгін Түркістанда өткен республикалық тамыз кеңесінің пленарлық мәжісіне қатысуға келген барша педагогтарды танымал суретші Аңсаған Мұстафаның сурет галереясы қарсы алды. Конгресс холлдың фойесі қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі Аңсаған Құрманғазықызының қылқалам туындыларымен көмкерілді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы да суретшінің тек тушпен және ақ-қара түстерге боялған, терең мағыналы сурет көрмесімен танысты.
Аңсаған Мұстафаның сурет галереясы тамыз кеңесіне келушілерге жайдан-жай қойылмады. Түркістан облысының республикалық тамыз кеңесіндегі негізгі бағыты- “Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие”.
Қоғамда орын алып жатқан тәрбие саласындағы әлеуметтік мәселелерді суретші суретке жан бітіре көркемдеу қабілетіне ие. Оның әрбір суретінен ой түйесіз, тұжырымға келіп, қорытынды жасайсыз. Көптеген әлеуметтік желілерде таралып жүрген қазақ атына сай, қазақша түсініктеме жазылған түрлі иллюстрациялардың көбісінің авторы осы.
Жиынға қатысқан көпшілік танымал тұлғамен естелік суретке түсіп, еңбегіне тәнті болды.
Еске салсақ, 24 тамызда Түркістанда білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің секциялық жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, білім беру саласындағы ең ауқымды әрі маңызды жиынға қатысушылар «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубына да экскурсия жасап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Жалпы саны 50-ге жуық білім саласының майталмандары облыс орталығындағы бірегей нысанның мүмкіндіктері мен оқушылардың білім алуына оң бағаларын берді.
Атап айтсақ, зергерлік және құмыра жасау өнеріне қызығушылықтарын танытып, үйде жұмыссыз отырған көпбалалы аналарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертетін «Ісмер ана» жобасына қатысты жақсы ойларын жеткізді. Сонымен бірге, еліміздегі жалғыз робототехника және наноспутник үйірмесіне ерекше назар аударып, Оқушылар сарайының авторлық мультфильмі мен эстрадалық вокал үйірмесінің дайындығын тамашалады. Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру бағытында қолға алынған «Аялы алақан» жобасын талқылап, ғимарат дизайны мен қолөнер бұйымдарынан жүн жасау процесіне қызығушылық танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *