Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының төрағалығымен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталған кеңейтілген аппарат жиыны өтті.
Жиналысқа басқарманың жауапты мамандары мен қала/аудандағы білім бөлімінің басшылары, және де колледж директорлары қатысты.
Күн тәртібінде “1 қыркүйек- Білім күні” салтанатты жиынға дайындық жұмыстарына Бейсенбай Дәулетұлы арнайы тапсырма берді. Орта білім мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізу барысы сұралды. Әр ауданнан білім мекемелерінің дайындық жұмыстары пысықталды.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін орта білім мекемелерінде асханалар жайында сөз қозғалды. Асханасы жоқ 110 мектептің мәселесін шешудің көздері қайта қаралды. Олар тасымал түрінде, жақын маңда орналасқа мектеп асханаларын іске асыру мен модульдік асхана арқылы шешімін табады.
Қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Турникеттер мен арнайы күзет және дабыл батырмалары, бейнебақылау камералары және қоршаулар бойынша тиісті бақылау жұмыстарын жүргізіп, қатаң назарға алу керек дейді облыс әкімінің орынбасары.
Ал, колледж басшыларына техникалық және кәсіптік білім мекемелеріне мемлекеттік тапсырыс орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар легінің есебін берді.
Жиын барысында айтылған тапсырмаларды жауапты басшыларға назарға алып, толықтай бақылауға ұстау керектігі айтылды.
Биыл оқулықтарды сатып алуға 5,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық білім басқармасымен 13 баспадан 1 млн. 192 мың дана оқулық алуға тапсырыс берілген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда, 31 тамызға дейін қалған баспадағы оқулықтар толығымен жеткізіледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыу бойынша нақты шаралар қабылданады. Өңірдегі бизнес өкілдерін білім саласына инвестиция құюға шақыру жұмыстары жүрзіліп жатыр. Мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады. Мәселен, алдағы оқу жылында осы 110 жекеменшік мектептегі 30 мыңға жуық оқушы үшін орта есеппен 20,7 млрд. теңге (бір балаға 686,9 мың теңге) қаржы бөлінеді.
Қазіргі таңда облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты мектеп болса, ал, оқушы орынының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталуында облыста 17 жекеменшік мектеп (жалпы көлемі 5 мыңнан астам орындық) пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрап, онда 30 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Ал жыл соңына дейін тағы 7 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған.
Облыс колледждеріне биылғы жылға кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Мамандық түріне қарай бір студентке бюджеттен бөлінетін жылдық оқу құны 850 мың теңге мен 1 млн. теңге аралығында. Биыл гранттарды орналастыруда ашықтық қағидаты қатаң сақталды. Оқуға ниетті жастармен тек білім саласының қызметкерлері ғана емес облыстағы Жастар ресурстық орталықтары да тығыз жұмыс жүргізген. Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 22 мыңнан 32 мыңға, ал 2024 жылдан бастап 42 мыңға артады.