САЙРАМ: Мектеп кітапханаларындағы сынып жетекшілеріне кезекпен тарату жұмыстары жүргізілді

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023-2024 оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында, мектеп кітапханаларындағы 1-11 сынып оқулықтарын кезектілікті сақтай отырып 02-15 тамыз аралығында сынып жетекшілеріне кезекпен тарату жұмыстары жүргізілді.
Биылғы оқу жылында барлық білім алушыларды толығымен оқулықпен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда барлық білім алушылар оқулықтармен қамтылып, жалпы 100% ды құрады. Ағымдағы оқу жылына қосымша 58333 қажет етілетін оқулықтарға тапсырыс берілді, тамыз айының соңына дейін жаңа оқулықтардың мектептерге жеткізілуі күтілуде.
Дайындықтың негізгі міндеттерінің бірі, білім беру ұйымдарын оқулықпен қамтамасыз ету. Биыл оқулықтарды сатып алуға 5,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық білім басқармасымен 13 баспадан 1 млн. 192 мың дана оқулық алуға тапсырыс берілген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда, 31 тамызға дейін қалған баспадағы оқулықтар толығымен жеткізіледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыу бойынша нақты шаралар қабылданады. Өңірдегі бизнес өкілдерін білім саласына инвестиция құюға шақыру жұмыстары жүрзіліп жатыр. Мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады. Мәселен, алдағы оқу жылында осы 110 жекеменшік мектептегі 30 мыңға жуық оқушы үшін орта есеппен 20,7 млрд. теңге (бір балаға 686,9 мың теңге) қаржы бөлінеді.
Қазіргі таңда облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты мектеп болса, ал, оқушы орынының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталуында облыста 17 жекеменшік мектеп (жалпы көлемі 5 мыңнан астам орындық) пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрап, онда 30 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Ал жыл соңына дейін тағы 7 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған.
Облыс колледждеріне биылғы жылға кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Мамандық түріне қарай бір студентке бюджеттен бөлінетін жылдық оқу құны 850 мың теңге мен 1 млн. теңге аралығында. Биыл гранттарды орналастыруда ашықтық қағидаты қатаң сақталды. Оқуға ниетті жастармен тек білім саласының қызметкерлері ғана емес облыстағы Жастар ресурстық орталықтары да тығыз жұмыс жүргізген. Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 22 мыңнан 32 мыңға, ал 2024 жылдан бастап 42 мыңға артады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *