САЙРАМ:«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес көркем еңбек, ән-күй пәндері бойынша «Технология және өнер» білім саласы пәндерін оқытудағы құндылыққа негізделген білім беру» тақырыбында тамыз кеңесінің секция отырысы 2023 жылғы 28 тамыз күні «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді.
Секция отырысына аудандық білім беру ұйымдарының «Технология және өнер» білім саласы пәндерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.
Алғашқы болып сөз алған аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Қ.Мырзатаев құттықтау сөзімен секция отырысын ашып, сәттілік тілеп, 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды және отырыс жұмысын әрі қарай жалғастыру үшін сөзді ОӨК директорының орынбасары Г.Халметоваға берді.
Отырыс ерекше форматта өткізілді. Тәжірибелі ұстаздармен бір қатарда жас мамандар озық тәжірибемен бөлісіп, шебер сыныптар көрсетті.
№74 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Канаева Улбосын Мельдебековна «Көркем еңбек» сабақтарында гипс ерітіндісінен қолөнер бұйымдарын жасау техникасы», Оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік оқыту мұғалімдері Калманбай Меруерт Абушахмақызы «Стринг арт техникасында кәде сыйлар дайындау», Ханалиев Достон Олимжанович «Ағаштан тұрмыстық бұйымдарды дайындау арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу», Далабазар мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Шапулатова Сохиба Камилжановна «Әлемдік ұлттық тағамдарды дайындауды жасап үйрену арқылы оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыптарында шебер сыныптар көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланып, қабылданды, сонымен қатар алдағы оқу жылына басым міндеттер қойылды.
Отырыс соңында ОӨК директоры С.Султанов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға жаңа оқу жылында зор денсаулық, сарқылмас қуат, шығармашылық табыстар тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *