ТҮРКІСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГІ ҚЫМЫЗ БАЛМҰЗДАҒЫН ЖАСАП ШЫҒАРАДЫ

№11-ші Түркістан колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дәріс беретін педагог Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды.
Жаңа жобаның мақсаты — ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отта дайындалады және оның құрамы өзгермей, табиғи құндылығын сақтайды.
«Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», — дейді Жадыра Байдалы.
Педагогтың айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Сонымен қатар, Жадыра емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.
. Қазақстанның азық-түлік тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне Түркістан облысының қосатын үлесі мол. Бізде осы ауыл шаруашылығына ғылым мен жаңа технологияны енгізу мәселесі – өте өзекті. Міне, соған мұрындық ретінде біздің түсінігімізде бірінші кезекте дәл сол колледждерде жаңа технологияларды игеріп, пайдаланып үйрету колледждің флагманы болуы керек.Жаңа оқу жылына колледждерге оқуға түсу үшін талапкерлерден құжаттарды қабылдау барысында ақпараттық платформа арқылы BTS Education порталына сілтеме жасалған кәсіби диагностикадан өтуге мүмкіндігі бар. Бұл диагностика жеке тұлғаның кәсіби бағдарлануына және өз талабына сай мамандық таңдауға мүмкіндік береді. Облыс колледждеріне биылғы жылға кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Мамандық түріне қарай бір студентке бюджеттен бөлінетін жылдық оқу құны 850 мың теңге мен 1 млн. теңге аралығында. Биыл гранттарды орналастыруда ашықтық қағидаты қатаң сақталды. Оқуға ниетті жастармен тек білім саласының қызметкерлері ғана емес облыстағы Жастар ресурстық орталықтары да тығыз жұмыс жүргізген. Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 22 мыңнан 32 мыңға, ал 2024 жылдан бастап 42 мыңға артады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *