Бүгін Түлкібас ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті. Аталған орталықта логопед-дефиктолог, арт терапевт, муз терапевт, педогог-психолог мамандары қызмет атқарады. Айта кетейік, аталған нысан «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен жүзеге асқан жоба.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, және нысанның ашылуына мұрындық болған «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ сатып алу жөніндегі бас директоры М.Мағжанов, «Самрұқ-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік қызметінің басшысы міндетін атқарушы А.Кемпірбаев, облыс мәслихатының депутаты И.Намазбаева қатысып, тұрғындарды орталықтың ашылуымен құттықтады.
-Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, олардың ата-аналарына моральдық тұрғыда демеушілік жасау – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Біз үшін балалардың бәрі бірдей. Олар – біздің болашағымыз. Сондықтан, ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық жасау, мұқтажын өтеп отыру назарымыздан ешқашанда тыс қалмайды, — деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Керімбекұлы
«Ақмейір» дамыту орталығы 150 балаға арналған. Сонымен қатар, орталықта ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балдарына басымдық беріледі.
Айта кетсек, Биыл облыстағы 50 184 әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет және демеушілер есебінен алып беріледі. Қазіргі таңда 41 734 балаға көмек берілді. Оның ішінде мемлекет тарапынан 32 312 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалса, демеушілер есебінен 9 422 балаға түрлі көмектер берілді.Дайындықтың негізгі міндеттерінің бірі, білім беру ұйымдарын оқулықпен қамтамасыз ету. Биыл оқулықтарды сатып алуға 5,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық білім басқармасымен 13 баспадан 1 млн. 192 мың дана оқулық алуға тапсырыс берілген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда, 31 тамызға дейін қалған баспадағы оқулықтар толығымен жеткізіледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыу бойынша нақты шаралар қабылданады. Өңірдегі бизнес өкілдерін білім саласына инвестиция құюға шақыру жұмыстары жүрзіліп жатыр. Мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады. Мәселен, алдағы оқу жылында осы 110 жекеменшік мектептегі 30 мыңға жуық оқушы үшін орта есеппен 20,7 млрд. теңге (бір балаға 686,9 мың теңге) қаржы бөлінеді.