Жаңа оқу жылында Түркістан облысындағы 1000-нан астам мектепке 51 621 оқушы бірінші сыныпқа барды.
Бүлдіршіндерді алғашқы қадамымен құттықтау үшін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы және облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Мадыханқызы Түркістан қаласындағы №28 жалпы орта мектепке барды.
Айта кетейік, өңірде 2023 жылы бұл салаға 597,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл республикадағы білім саласына бөлінген қаржы бойынша өңір арасында ең үлкен көрсеткіш.
Түркістан облысы халқының 38%-ы балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында.Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған облыстық бюджеттен 6 млрд. 197 млн. теңге қаржы қаралған. Облыста жалпы 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 1 қыркүйекте 5 мектеп тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы және оқу құралдарын алуға облыстық бюджеттен 1 млрд. 316 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы санаттағы 32 455 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалды. Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам оқушы қамтылады.
Отырыста Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Ғалымжан Алматов жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысын баяндады. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы интернет, күрделі және ағымдағы жөндеу, қауіпсіздік, жылы санитарлық тораптар (әжетханалар), спорт залдары, асханалар, пәндік кабинеттер, робототехника кабинеттері сияқты мәселелер қамтылды.