Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы орайда ауылды жерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағыттардың бірі. Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен ауылдардың инфрақұлылымын жаңартуға басымдық берілген. Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасымен елді мекендердің жай-күйі, жалпы ауылдың сырт-келбетін ретке келтіру мен, тазалығына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына күш салынды.
Жыл басынан бері облыстағы мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын ауыз сумен қамтылды. Сондай-ақ 10 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылды.
Осы мерзімде 35 елді мекендегі 55 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылса, бір жылда 21 елді мекендегі 53 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды.
Әкім тапсырмасымен, өңірдегі жылдар бойы тоқтап тұрған жобаларға қаржы бөліне бастады. 2012 жылдан бері күрделі жөндеуден өткізілмеген облыстағы негізгі ірі энергия көзі болып саналатын Кентау жылу орталығында демеушілер есебінен шамамен 500 млн. теңгеге 4 қазандық ағымдағы жөндеуден өткізілуде.
Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 3 млрд. теңгеге 4 қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жаңа құрылғыларды орнату жұмыстары басталып кетті.
Сонымен қатар аудандардағы құрылысы аяқсыз қалған ауыз су, табиғи газ желілері бойынша кешенді жоспар дайындалды. Тоқтаған құрылыстарға қаражат қаралып, ел игіліне берілуде. Жұмыстар жалғасуда.
Түркістан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 158 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан 410 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (12%-ға артты). «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін жалпы аумағы 185 мың м2 құрайтын 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде 3140 отбасы баспаналы болады. 5 жылда құрылыс көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда Түркістан облысында 4500-ге жуық отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5000-нан астам отбасы әлеуметтік кредиттік үй сатып алды. Жалға алған баспана ақысын субсидиялау бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.