ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 39 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАП, ТОП ЖАРДЫ

Алматы қаласында 23 жасқа дейінгі ескек есушілер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Байдарка мен каноэде есуден сынға түскен спортшылар өте тартысты сайыстар өткізді.
Еліміздің барлық өңірінен іріктеліп келген су спорты шеберлері арасында Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері түрлі бағдарламалар бойынша өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, 10 алтын, 11 күміс және 18 қола медаль жеңіп алды.
Дильфузахон Ергашханова жарыс барысында қарсыластарын қапы қалдырып, Қазақстанның 6 дүркін жеңімпазы атанды. Ол жекелей каноэде есуден С-1 сайысы бойынша 1000, 500, 200, 5000 метр қашықтықта алтыннан алқа тақса, жұптық сында (С-2; 500 микс және С-2; 1000 метр) қашықтықта да ешкімге дес бермеді.
Карина Нұрғалиева мен Сұлтан Шарапиев жекелей байдарка есуде алтын жүлдеге қол жеткізсе, жұптық сында Альбина Халикованың да мерейі үстем болып, ел чемпионы атанды.
Айта кетсек, Түркістан қаласындағы туризмді дамыту мақсатында қолға алыған жобалардың бірі – «Этноауыл» алаңы. Ортағасырлық шығыс базары, шеберлер көшесі, көшпенділер ауылы, хан ордасы, көшпенділер асханасы және сарбаздар ауылы. Бұл кереметтің барлығын осындағы алаңнан көруге болады. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген кешенде орта ғасырдан бастап, көшпенділер дәуірі, қазақ хандығы мен кешегі ХІХ ғасырға дейінгі қазақ халқының өмір сүру салты мен тұрмыс-тіршілігі толық көрініс тапқан.
Этноауыл 7 бағыт бойынша орналасқан. Алғашқысы көшпенділер ауылы, шеберлер көшесі, шығыс базары, көшпенділер асханасы, сарбаздар ауылы және хан ордасы сияқты жеке-жеке алаңдардан тұрады.
Аталмыш бағыттардың бірі ортағасырлық шеберлер ауылында 40-қа жуық ағаш ұсталары мен темірден түйін түйген шеберлер, тері илеп, кілем тоқитын ісмерлер отырады. Олар келген қонақтарға ұлттық бұйымдардың қалай жасалатынын көрсетіп, технологиясымен таныстырады. Ал көшпенділер асханасында халқымыздың ғасырлар бойы тұтынып, бүгінде ұмыт болған тағам түрлері қайта жаңғыртылып, халыққа ұсынылады. Көшпенділер тұтынған тағам түрлері мен олардың жасалу жолдары этнограф-ғалымдардың көмегімен қалпына келтірілмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *