КЕНТАУДА САПАЛЫ КІР ЖУАТЫН ҰНТАҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Кентау қаласында ұлағатты ұстаз атанған Жандос Полатбеков кір жуғыш ұнтағын шығаруды қолға алған. Бұл кәсіп түрін ақпан айынан бастап «Lider» атауымен отандық өнім ретінде шығара бастаған. Кір жуатын ұнтақтан бөлек, сұйық гель мен сабын өндіреді. Отандық өнімді шығарудағы басты мақсаты — қазіргі таңдағы шет елден келетін сапасы төмен тұрмыстық заттардан гөрі, зиянсыз төл өнімді өндіру.

— Өзім өте сезімтал болғандықтан аллергиялық асқынулар жиі орын алады. Елімізде біз секілді сезімтал адамдар көп. Содан ой келіп, аллергияға қарсы кір жуатын ұнтақ шығаруды былтырдан бері жоспарлап жүрдім. Биыл қаңтар айында Ташкенке барып арнайы курсты оқып үйреніп келдім. Әрине алғашқы кезде кір жуатын ұнтақты шығару оңай болмады. Себебі, көп қаржыны талап етеді екен. Бірінші кезде үйге жасап көрдім, ойдағыдай шықты. Ешқайсымызға кері әсер бермеді. Содан осы өнім түрін неге көбейтіп шығармасқа деп қолға алдым, — дейді кәсіп иесі.
Бұл кіржуғыш ұнтақтың ерекшелігі құрамында хлор қоспасы жоқ. Теріге сергектік беретін және микробтардан тазартатын глиццерин мен перекис қоспалары қосылады. Тұтынушылардың айтуынша, 3 келі ұнтақ біраз уақыт қолдануға жетерлік. Себебі аз мөлшерде қолдансада әсері жақсы. Кәсіпкер алдағы уақытта ыдыс жуғыш сұйықтықты да шығаруды көздеп отыр.
Айта кетейік, жуырда өткен Түркістан қаласындағы «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесіне қатысып, «Қазақстанның үздік тауары» алғыс хатымен марапатталған.

Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданындағы жылыжайларды, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ескере отырып, жеміс-жидек өнімдерін кептіру, көкөністерді қайта өңдеу бағытын дамыту қолға алынды. Осыны ескере отырып, «Damdes Agro» қазақстандық компания қытайлық компаниямен (GUAN-FANG Food Machinery) келісім жасап, жалпы құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ол жерде көкөніс мұздатқыш (шоковая заморозка), жеміс-жидек өнімдерін кептіру, көкөністерді қайта өңдеу және орау материалдарын (упаковка) шығару цехтары ашылатын болады. 50 адам жұмыспен қамтылады. Облыста бизнесті қолдау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, қажетті шаралар қабылдануда. Осы қолдауларды тиімді пайдаланып, өндірісті кеңейтіп және жаңа өндіріс ошақтарын ашу бағыты бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауданда шағын және орта бизнес саны 20 мыңнан асты. Олармен өндірілген өнім көлемі былтыр 87 млрд. теңгені құрады. Биыл Сарыағаш ауданында қосымша 3,2 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *