САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек кентіне арнайы барып, №16 И.В.Панфилов мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының жағдайын бақылады.
Жөндеу жұмыстарының барысын бақылау нәтижесінде құрылыс материалдарының стандартқа сай емес екендігі анықталып, аудан басшысы тиісті бөлім басшысына күрделі жөндеу жұмысын созбалаңға салып, құрылысты әлі аяқтамаған мердігер мекемені мерзімінде аяқтамаған жайғдайда құзырлы органдарға беру бойынша тапсырма жүктеді. Содан соң, аудан басшысы Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніне арнайы барып, №8 С.Айни атындағы жалпы орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Айта кетсек, бүгінгі таңда аталған білім беру нысанының ішкі қабырғаларын әрлеу, сырлау жұмыстары және жылу жүйелері жаңартылуда.
-Сіз уәде бердіңіз мен міне тексеруге келіп отырмын. Күрделі жөндеу жұмыстарының барысында орын алған ақаулықтың барлығын қалпына келтіріп, балалардың қауіпсіздігін баса назарға ала отырып 1 қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаңыздар. Жөндеу жұмыстарын өз бақылауыма аламын,-деді аудан әкімі.
Білім беру нысанындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне Жартытөбе ауылдық округі әкіміне жұмыс барысын күнде баяндап отыруды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Абдуллаев жазғы демалыс кезінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Жартытөбе ауылдық округіндегі №8 С.Айни және Көктерек кентіндегі №16 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектептерінде болып, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
Жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстары барысында аталған білім беру нысанының қабырғаларын әктеу, сырлау жұмыстары, шатырын және ішкі электр желілерін ауыстыру, есіктер мен терезелер орнату, әжетханаларды қалпына келтіру, жылу жүйелерін жаңарту, еден орнату жұмыстары, сынып бөлмелерін бөлу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Білім беру нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне 1 қыркүйекке дейін нысандардағы кем-кетікті қалпына келтіруді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *