Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлының төрағалығымен Түркістан облысының білім басқармасында және аталған басқармаға қарасты барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын — алу үшін «Тоқта, жемқорлыққа жол берме!» атты айлық науқаны жайында іс-шара өтті.
Ауқымды іс-шара барысында білім беру саласындағы заң бұзушылықтар туралы түрлі ақпараттар, жемқорлық көріністері болып табылатын іс-әрекеттердің орын алуы мүмкін жағдайлардың жауапкершілігі және салдары түсіндіріліп, кеңестер берілді.
Айта кетейік, науқан 1 — 30 қыркүйекке дейін жалғасатын науқан шеңберінде барша әріптестеріңізді жемқорлықсыз қоғам құруға шақыру, мектептерге бюджеттен бөлінетін қаржы, оның жұмсалуы бойынша ата-аналарды хабардар ету үшін «Ашық есік күнін» өткізу; ата-аналарға пара/сыйлық берудің жауапкершілігін түсіндіру т.б. секілді шаралар өткізудің маңыздылығы зор.
Бүгінде Жетісай ауданы бөлімінің «С.Қожанов атындағы №42жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде Парасаттылық пен Академиялық адалдық мәселелеріне байланысты «Адалдық-ардың ісі» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бір-біріне жақсылық ойлап, ондағы әділдік, шыншылдық, адалдық сияқты адами құндылықтарды бойына сіңіру болып табылады.
Ал «Сарыкөл» шағын жинақты негізгі орта мектебі КММ мекемесінде 9-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Серікбай Ырысты «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген ақпараттар беріп, оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушыларға жағдаяттан шығып өз ой-пікірлерін ашық білдіруге мүмкіндік беретін тапсырмалар қарастырылды.