ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ 5 ҚЫРКҮЙЕК -ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТОЦЛАНДЫ

5 қыркүйек қазақ халқының тарихында ерекше болмысы бөлек, терең білімі, ақыл-парасатымен дараланған ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ана тілін ардақ тұтқан ұлт жанашырының құрметіне орай 5 қыркүйек ҚР халықтарының Тілдер күні болып бекітілген. Осы орайда мектебіміздің тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тілім менің -мерейім» атты тілдер мерекесінің ашылуы салтанаты болып өтті.
Шараның басты мақсаты тілге деген құрметті арттыру, мәртебесін көтеру, тіл және сөз құдіретін тану, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін ұялату, үштұғырлы тілді дамыту болып саналады.
Бұдан өзге, Тілдер мерекесінің ашылу салтанатында оқушылар ақындардың тіл туралы және Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқумен қатар, қазақи рухты көтеретін «Алаш зиялыларының қазақ тілінің дамуына қосқан үлесін насихаттау» мақсатында көрініс көрсетіліп, «Анамның тілі» әнімен жалғасын тапты.Қазақстан халқы Тілдер күні мерекесі 5 қыркүйекте қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар келген мереке аясында №28 Х.Доспанова атындағы ЖОМ де «Тіл тазалығы — ұлт тазалығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: қатысушыларға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу; адамгершілік, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Осы орайда, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс — шараға мектеп оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар ақын — жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерін және өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара қызықты өтіп, қатысушылар мол мағлұмат алды.
Қазақстан халқы Тілдер күні мерекесі 5 қыркүйекте қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар келген мереке аясында №28 Х.Доспанова атындағы ЖОМ де «Тіл тазалығы — ұлт тазалығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басты мақсат, қатысушыларға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу; адамгершілік, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Осы орайда, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс — шараға мектеп оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар ақын — жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерін және өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара қызықты өтіп, қатысушылар мол мағлұмат алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *