ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚУШЫЛАР «МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ — ЗАМАННЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

5-ші қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Атаулы күннің аясында күллі ел көлемінде бір уақытта қазақ тілінде диктант жазылды. Өткен жылы диктант Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналса, биыл Мағжан Жұмабаев туралы болмақ. Диктанттың өткізілу мақсатын айта кетсем, ұлттардың басын біріктіретін факторлардың бірі – мемлекеттік тіл.

Осы мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында өткізіліп жатқан шараның бірі – диктант жазу. Қатысу үшін жас ерекшеліктеріне ешқандай шектеу қойылмайды. Қандай ұлт өкілдері қатысқандығы нәтиже шыққан соң белгілі болады. Нәтижесі бойынша ешкімге баға қойылмайды. Жалпы сараптама жасалып, кімнің қандай деңгейде жазғаны, өткен жылмен салыстырғында алға жылжу бар ма, сауатты адамдардың саны қаншалықты артқаны белгілі болады.

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мағжан Жұмабаев — заманның заңғар тұлғасы!» тақырыбында диктант жазу шарасы өткізілді.

Шараға №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Шараның мақсаты — жас ұрпаққа қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға — Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде жастар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, ақынның құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.Диктанттың тақырыбы – “Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы”. Біртуар жерлесіміздің мерейтойына арналған диктанттың мәтіні ақынның қысқаша өмірбаяны жайлы болды. Барлығы – 200 сөз. Диктан жазушыларға 25-30 минут шамасында уақыт берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *