БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА “МӘҢГІЛІК ЕЛ- МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ” АТТЫ ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ

Бүгін Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Мәңгілік ел — мәртебелі тіл» онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Соның бірі Азаттық ауылындағы «Түркібасы» жалпы орта мектебінде “5 қыркүйек -Қазақстан халықтарының тілдері күні” мерекесіне «Қасиетті ана тілім» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Кеш барысында әрбір қатысушының өз ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметінің шексіз екенін байқамау мүмкін емес еді. Аталған іс-шараға әсіресе, өзбек сыныбының оқушылары белсене атсалысты.
Осындай елжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, насихаттауға бағытталған іс-шаралар онкүндіктің аясында өз жалғасын таба бермек. Сонымен қатар, Өз ана тіліне деген махаббаты сарқылмас, «Намысым — арым» деген азамат тәрбиелеу біздің парызымыз. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қараств №31 “Береке жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-15 қыркүйек аралығындағы тілдер мерекесіне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында мектебіміздің мың бұралған бишілері би билесе, белсенді оқушылары ана тіліміздің құдіреті мен байлығы белсенді оқушылар ана тіліміздің құдіреті мен байлығы жөнінде ақындарымыздың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары оқушыларды арнайы түзілген жоспармен таныстырып, оқушылардың онкүндік іс-шараға жауапкершілікпен қатысуын сұрады.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысқан күні, барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлауда.
Атаулы мерекеге орай мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен » Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты тілдер мерекесінің ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шара барысында түрлі сұрақ-жауаптар, тілектер айтылды.
Достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі,орыс тілі пәні ұстаздары «Мағжан Жұмабаев-заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында диктант жаздырды.
Іс -шара өз деңгейінде өткізілді.»№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған » Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты тілдер мерекесінің ашылу салтанаты өткізілді. Мерекелік ашылу салтанатты мектеп директоры Д.Дошманов ашып берді. Салтанатты іс-шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері атсалысты. Үш тілде түрлі сұрақ-жауаптар, ойындар ойнатылып , іс -шара өз деңгейінде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *