ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 401 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН ІШКІ КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Бүгінде Келес ауданында ішкі көшелер 711 шақырымды құрап отыр. 2020 жылы жақсы және орташа деңгейдегі жолдардың 34 пайызы, яғни 244 шақырым жолдар асфальтталған болатын. Биыл бұл көрсеткішті 56,2 пайызға жеткізу жоспарлануда. Осылайша асфальтталған жолдардың ұзындығы 401 шақырымға жетпек.
Келес және Шардара аудандарын жалғап жатқан облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай-Шардара» автомобиль жолының 39-68 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан іске асырылуда.

Сонымен қатар, биыл жолдың ойылған 3 шақырымына тегістеу қабатын салу жоспарланып, жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ мердігер мекеме тарапынан бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес, ойылып-кесілген жерге 2 қабат асфальт жабынын төсеу, жол белгілерін орнату қарастырылған.
Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын техникалық қадағалау «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тікелей бақылауға алынған.

Келес ауданында тозған инфрақұрылым жүйелері жаңартылып, жөндеуді қажет ететін көшелерге асфальт жабындысы төселуде. Аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің инфрақұрылымдары жаңартылды.Айта кетейік, Келес ауданы 2018 жылы өз алдына жеке аудан мәртебесін алып, кенжелеп қалған инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жаңалануда. Өткен 5 жыл ішінде 14 ауылға газ берілсе, жыл соңына дейін тағы 9 ауыл толық газбен қамтылады. Ал ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайы 2018 жылы 22 пайызды құраса, биыл 60 пайыздан асуы көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *