ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 188 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Садықова айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала (оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында көрсетілген санаттарындағы 31 577 бала ағымдағы жылы бір реттік ыстық тамақпен қамтылған) 1 қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау барысында, 110 асханасы жоқ деп хабарланған мектептердің 83-інде қосымша бөлмелер ажыратылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалып, балалар тамақпен қамтамасыз етілуде, ал қалған 19-ына ыстық тамақ ең жақын маңдағы мектептерде дайындалып, мердігерлер тарапынан тасымалданып, қамтамасыз етілуде.Бұған дейінгі талдау барысында, 110 асханасы жоқ деп хабарланған мектептердің 83-інде қосымша бөлмелер ажыратылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалып, балалар тамақпен қамтамасыз етілуде, ал қалған 19-ына ыстық тамақ ең жақын маңдағы мектептерде дайындалып, мердігерлер тарапынан тасымалданып, қамтамасыз етілуде, — деді Ардақ Мәдіханқызы.

Брифинг барысында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мектеп асханаларының санитариялық талаптары мен ондағы тағамның қауіпсіздігі жіті бақылауда болатынын жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі мектеп асханаларының дайындығын пысықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз тараптарынан білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, тиісті шараларды жүзеге асыруға кіріскен.
Айта кетейік, мектепті ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы баспасөз брифингі Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен біріге отырып өткізілді. Журналистер сұрақ қойып, сауалдарына жауап алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *