ТҮРКІСТАН: Сайрамдық кәсіпкер 20 гектардан 50 тонна өнім алды

Бірінші өнімге мал азықтық дақыл еккен. Сайрамдық кәсіпкер 20 гектардан 50 тонна қияр өнімін алды. Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар өркендетіп келеді. Биылғы жылы бірінші өнімге мал азықтық дақыл жоңышқа егіп, екінші өнімге тамшылатып суару әдісімен 5 гектар жерге қияр еккен. Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаев биылғы маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Егілген голландиялық қияр сортын аудандағы консервіленген өнімдерді шығаратын кәсіпорын сатып алуда. Одан бөлек, өнім жергілікті сауда орындарында да саудаланып жатыр. Шаруашылықта өнім жинау уақытында 15-20 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылады.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Келелі жиынды кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде дирекция мүшелерінің атқарылған жұмысы мен жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, өңірлік кеңеске жаңа мүшелер сайланып, кәсіпкерлік палатаның аудандық филиал директоралары таныстырылды.
«Өздеріңізге мәлім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде «Атамекен» ҰКП бизнес пен Мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болуға тиіс екендігін айтты. Маңызды кездесуге өңірлік кеңес мүшесі, «Қайып ата» ЖШС бас директоры Сырым Ертаев та қатысты. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстар жалғаса береді. Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға әрдайым әзір», — деді палата директоры Асылан Сейілбекұлы.
Жиында сондай-ақ бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің пайыздың ставкасын 50 пайызға дейін төмендету бойынша мәселе көтерілді. Бөлшек салық ставкасын төмендету мәселесі өзекті болғандықтан барлық аудандық кеңестердің төрағалары атсалысып, аудандық, қалалық әкімдіктер, салық органдары және маслихаттармен бірлесіп жұмыс істеу ұсынылды.
Жалпы Түркістан облысында 200 000-нан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Олардың ішінде басым бағыттары ауыл шаруашылығы (86 714), сауда саласы (54 743) және өзге де қызмет көрсету салалары (31165) болып табылады. Жарты жылдық ақша айналымы 20 000 АЕК асатын болса қосымша құн салығын төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 2738 кәсіпкер ҚҚС төлеуші болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *