ТӨЛЕБИ: ОҚУШЫЛАР ЖАС СУРЕТШІЛЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Төлеби ауданында қазақтың төбе биі Төле Әлібекұлының туғанына 360 жыл және танымал әуесқой суретші, кезінде картиналары Ұлыбритания көрмелерінде қойылған тума талант, сыршыл қылқалам шебері болған Молдағали Қалдыбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай жас суретшілердің аудандық фестивалі ұйымдастырылды.

«Ауыл табиғаты балалар көзімен» тақырыбында өткен аталмыш фестивальға төлебилік оқушылар белсене қатысты. Солардың бірі–Сезім Қалден фестивальдің І орын иегері атанды. Ал Майра Бекпатша ІІ орыннан көрінді. Сандуғаш Әміртайқызы ІІІ орынға лайық болды.

Сондай-ақ, үш оқушы номинация бойынша марапатталды.
Бір айта кетерлігі, жоғарыда аттары аталған оқушылардың үшеуі де Төлеби аудандық көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері.
Төле би – қазақтың мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, Аға жүздің биі, шешен (шешен) және ақын.Қазақ халқының үш ұлы биінің (билерінің) бірі Қазыбек би және Әйтеке бимен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторлары.Төле би 1663 жылы қазақ даласының Шу өңірі жайсаң жайлауында дүниеге келген.Төле бидің әкесі Әлібек өз ортасының беделді биі болған. Бала жасынын әкесімен ел көріп, жұрт танып халқының шешендік өнерімен сусындап,арап,парсы тілдеріндегі тарихи кітаптарды аңыздарды көп оқыды.Нәтижесінде 15 жасар Төле көптеген қоғамдық дауларды шешуге өзінің адал және әділетті шешімдерімен халыққа танымал болды.

Төлеби ауданы десе көз алдыңызға тұмса табиғат, таудан сылдырап аққан бұлақ, шың басындағы аппақ қар келе қалады. Елімізде осыншама әсем табиғатты шығармаларына арқау еткен ақындар да, жазушылар да аз болған жоқ. Десе де, мынадай көркем табиғатта дүниеге келіп, суретші болмау мүмкін емес еді. Мұнда қылқалам шебері Молдағали Қалдыбаев, кескіндеме шеберлері Тоқболат Тоғысбаев, Ерболат Төлепбай, Құрасбек Тыныбеков, Бексейіт Түлкиев сынды есімдері елге, әлемге белгілі таланттар дүниеге келген. Төлебиден шыққан 37 қылқалам шебері ҚР Суретшілер одағының мүшесі болса, оның 17-сі бір Қасқасудың өзінен. Бір ауылдан 17 суретшінің мұндай дәрежеге жетуі еліміз тұрмақ, әлемде сирек кездесетін құбылыс!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *