БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫН-АЛУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!
2023 жылғы 11-12 қыркүйекте Түркістан облысында «Жер-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 11 қыркүйек күні сағат 10.00-де облыс бойынша «Баршаның назарына!» құлақтандыру дабылы іске қосылып, облыс бойынша жалпыға бірдей сейсможаттығулар өтеді.
Осы іс-шараны өткізу кезінде сабырлық сақтап және дүрбелең тудырмауыңызды өтінеміз. Сейсмикалық жаттығуды өткізуге белсенді қатысуды сұраймыз.
«Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы іске қосылған кезінде:
— дүрбелеңге берілмей тыныштықты сақтаңыз;
— жасырын жер тауып, басыңызды қолмен жабыңыз;
— бірінші қабаттан 20-40 секунді ішінде ғимараттан тез шығыңыз;
— алдын ала дайындалған құжаттарды, ақшаны және қажетті заттарды өзіңізбен бірге алыңыз;
— балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;
— ғимараттан шыққан кезде суды, газды жауып, үй-жайда электр қуатын сөндіріңіз;
— жоғарғы қабаттарда қауіпсіз орындарға тұрыңыз;
— есіктің ойықтарында, күрделі қабырғалардан пайда болған бұрышта, ішкі қабырғалардың бұрыштарына тұрыңыз;
— үстелдің астына жасырыныңыз, ол сізді құлап жатқан заттар мен сынған бөлшектерден қорғайды. Терезелердің қасында тұру және шыныдан жасалған жиһаздардан аулақ болыңыз;
— жер сілкінісі тоқтаған соң ғимараттан тезірек шығыңыз.
ӨТЕ ҚАУІПТІ:
— балконнан немесе терезелерден секіруге;
— лифтті қолдануға;
— терезелердің қасында тұру және шынымен жасалған жиһаздардың ішіне кіруге;
— ғимараттың ішінде бірнеше адам болып бір орынға жиналуға;
— сыртқа шыққанда ғимаратқа және талдарға жақын жүруге болмайды.
Оқу-жаттығуда алған тәжірибе сауатты іс-әрекет жасау үшін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *