ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Учаскенің қазаншұңқырын қазып қайта көму жұмыстары жүргізілуде. Сарыағашта 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр. Сарыағаш ауданы, Жаскешу елді мекенінде 900 балаға шақталған «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін аудан басшысы білім ошағының жұмыс барысымен арнайы танысты. Айта кетейік, Жаскешу ауылында орналасқан мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан қолға алынған. «Балалардың болашағы үшін салынып жатқан білім ордасының сапасы басты назарда болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме, жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтап, пайдалануға беруі тиіс», — деді аудан әкімі Арман Абдуллаев. Сонымен қатар аталған мектептің жер учаскесі қоршалып, учаскенің қазаншұңқырын қазып қайта көму жұмыстары жүргізілуде.

«Жайлы мектептің» ерекшелігі — мектепте оқушы үшін де, мұғалім үшін де жан-жақты қолайлы жағдай жасалады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спортзалдар болады. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылады. Жайлы мектеп қолданысқа берілгеннен кейін мұғалімдер үшін және өзге де жұмыс орындары ашылады, — деді аудан басшысы.
Айта кетсек, аталған «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Қазіргі таңда, мектептің қазан шұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға 3,1 млрд теңге бөлініп отыр.

Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны – жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сін пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында бой көтермек.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысындағы 1000-нан астам мектепке 51 621 оқушы бірінші сыныпқа барды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *