ТҮРКІСТАН: Жетісайда бес мектептің құрылысы жүріп жатыр

Нысандар 2024 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Жетісай ауданында жалпы саны 3900 орындық бес мектептің құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Серік Мамытов Жетісай қаласындағы Дайрашев көшесі бойындағы 300 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Нысан осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталып, аяқсыз қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта жанданып, ғимарат желтоқсанын айында пайдалануға тапсырылмақ. Бұдан бөлек, жалпы саны 82 мектебі бар ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округтерінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылыстары жүргізіліп жатыр. Нысандар 2024 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сі пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында салынбақ. Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында 19 білім ошағы оқушыларды қабылдады. Атап айтсақ Сауран, Сарыағаш, Ордабасы мен Түлкібаста және Арыс қаласында 5 мемлекеттік мектеп ашылды. Сондай-ақ 14 жекеменшік мектеп (Түркістан қаласы 3, Бәйдібек 1, Жетісай 1, Қазығұрт 1, Ордабасы 2, Сайрам 2, Сарыағаш 1, Сауран 3) өз жұмысын бастады. Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеде, атап айтқанда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 13 білім мекемесіне, ал облыстық бюджеттен 8 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға биыл 3,1 млрд.теңге бөлінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *