ЖЕТІСАЙДА «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Жетісай қаласында «Компания Kadi» ЖШС-і іске қосылды. Баламалы энергия көздерін өндіру арқылы Жетісай ауданында таза энергия үлесін ұлғайту үшін 2,5 млрд теңге инвестицияға салынған, қуаты 4,8 МВт болатын «Жетісай күн электр станциясы» құрылысына белгіленген бұрышы бар таңертең және кешке бір осьті трекер жүйесі қолданылып, жеке қуаты 375 Вт бифункционалды екі жақты панельдер пайдаланылған.

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов арнайы барып, сондағы жұмыспен танысты. Бұрынғы қоқыс полигонының аумағында жүзеге асырылған 10,7 га аумақтағы станцияның өндірісі трекер жүйесін пайдалану арқылы 30 пайызға арттыруға, аудандағы электр энергиясының тапшылығын жоюға, тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Жасыл экономика» саясаты аясында жүзеге асырылып, ауданның индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін жоба атмосфераға СО2 шығарындыларын бұрынғы жағдайдан 2,5 есеге төмендетіп отыр.

– Электр энергиясы көзінің таусылмайтынын және қол жетімділігін атап өткен жөн. Бұл жобаның өтелу мерзімі 7 жылды құрайды. Желіге жоспарлы жыл сайынғы электр энергиясын беру – 7 219 000 кВт. Электр энергиясы 81 күн модулінен 158 жылжымалы «үстелге» бөлінген 12 798 күн панелімен генерацияланады. Тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіру үшін электр станциясында блоктық-модульдік қондырғыға біріктірілген, әрқайсысының жеке қуаты 1 250 КВт 4 инвертор қарастырылған, – дейді жобаны жүзеге асырушылар.

«Жасыл» экономика – қазіргі жаһандық қаржы жүйесіндегі үрдістердің бірі. Бұл бағыттың дамуына әлемдік климаттың құбылуы түрткі болғаны белгілі. Тыңнан түрен салған салаға Қазақстан да қатыса бас­тады. Мәселен, «Астана» халықаралық қаржы орталығында әлемнің 26 елінен 250-дей компания жұмыс істеп келеді. Осы шетелдік ұйымдар­дың арасында «жасыл» эконо­микаға инвестиция сал­ған­дар баршылық.Уақыт өткен сайын жаһандық климат мәселесі ушығып бара жат­қаны мәлім. Осы ретте «жасыл» экономикаға көшу бұл заман­ның бұйрығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *