АҚПАРАТТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы орта мектебінде «2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып педагогтерімен ақпараттық семинар өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министлігінің Балаларды ерте дамыту институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2023 жылдың 26 шілдедегі №7 хаттамасының шешімімен ұсынылған «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру» туралы әдістемелік нұсқау хаттың мазмұнын әдістемелік кабинет әдіскері А.Нуралиева жан-жақты түсіндірді.
Әдістемелік кабинет әдіскері А.Кұттыбаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізудің әдіс-тәсілдері мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру деңгейлерін есептеу әдістемелерін көрсетіп, негізгі бағыттарын түсіндірді.
МКҚК «Бүлдіршін» балабақшасының әдіскері О.Бейсенбаева Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, МКҚК «Мерей» балабақшасының әдіскері Б.Алпысова Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарымен танысытырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық семинар барасында қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылып, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *