ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 240 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауыл округінің орталығынан заманауи үлгідегі ауыл клубы мен кітапхана кешені пайдалануға берілді. Жаңа мәдени ошақтың ашылуына Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Екіқабатты рухани орда заманауи үлгіде салынған. Аумағы – 1220 шаршы метр. Бірінші қабатында 240 адамға лайықталған көрермен залы, кітапхана, түрлі үйірме сыныптары бар. Оқу, демалыс залы, компьютерлік бөлме мен қызметкерлердің кабинеттері керекті жабдықтармен жарқталған. Тіпті мүгедектігі бар азаматтар үшін жедел саты жүйесі іске қосылған. Бұрын ауылда мәдениет үйі болмаған еді. Енді мектеп оқушылары бос уақытында осында келіп, үйірмелерге қатысады. Айта кетейік, жақында Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылында да жаңа мәдеиет үйі пайдалануға берілді. Қазір Дермене ауылындағы клубтың құрылысы жүріп жатыр. Келер жылы Қожатоғай мен Байтоғай елді мекендерінде де жаңа мәдениет ошағы салынады.
— Құрылыс жұмыстары 2022 жылы тамыз айында басталды. Мерзімінде аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы жоба құны – 621 млн теңге. 1 айдың көлемінде мәдениет бөлімінің теңгеріміне беріп, 20 жуық тұрғынды жұмыспен қамтамасыз ететін болады.
Екі қабаттан тұратын рухани орда заманауи үлгіде салынған. Бірінші қабатында 240 адамға шақталған көрермен залы орналасқан. Сондай-ақ түрлі үйірме сыныбы, қызметкерлер кабинеті мен гардероб, жуынатын бөлмелер бар. Екінші қабатында оқу залы, компютерлік бөлме, демалыс залдары мен қызметкерлер кабинеттері барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тіпті мүгедектігі бар азаматтар үшін жедел саты жүйесі іске қосылған.
Жаңа нысанның ауласы да талапқа сай абаттандырылған. Мұнда орталықтандырылған жылу қазандықтары қойылған. Ағаштар отырғызылған. Демалыс орындары, бастырмалар мен күл-қоқыс шығаратын орындар да қарастырылған. Өнерге қанат қаққан ауыл жастарының талабын шыңдап, түрлі мерекеде халыққа рухани азық сыйлау мақсатында жаңадан бой көтерген мәдениет ошағы аумағы 1217,63 шаршы метрді құрайды.
Ашылу салтанаты барысында ауыл тұрғындарына қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындардың ұсынысымен 240 орындық Мәдениет үйінің құрылысы өткен жылы басталып, биыл ел игілігіне беріліп отыр. Жаңадан бой көтерген мәдени ошақ жергілікті тұрғындардың ұлттық өнермен сусындауына, талантты жастардың талабын шыңдауға мүмкіндік бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *