ЖОЛДАУ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН НЕГІЗГІ ҚАДАМДАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ!!!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бүгін мектебімізде Жолдауды тыңдау және талдау ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы Жолдауында халқымыздың саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да түрлі маңызды салаларды қамтитын реформаның негізгі 5 бағдарына тоқталды:

БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.

Мемлекет басшысы әр бағдарға жеке-жеке тоқталып, тереңірек талдап өтті. Үшінші бағдарында білім мен денсаулық саласына баса назар аударды: “Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады… Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс… Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет…”-деп, білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылуы тиіс өзекті мәселелерді атап берді. Жолдауда айтылған реформалардың маңыздылығын түсініп, Президент Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауын қолдай отырып, жүзеге асыру жолында ұстаздар қауымы еселі еңбек етуге дайын екенін айтқымыз келеді.Келесі мәселе бұл азаматтардың табысын арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеру шешімі болды. Дәл осы мәселе Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің әр түрлі алаңдарда үздіксіз көтеріліп келген өзекті мәселердің бірі болатын. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде халық саны көп, айлығы төмен Түркістан облысы еңбеккерлерінің әл-ауқатын арттыруға септігін тигізе отырып, олардың өмір сүру деңгейлерінің едәуір артуына әкелері анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *