ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАПАСТАҒЫ ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

Сарыағаш ауданы бойынша бойынша шекара басқармасының аумағында запастағы әскери міндеттілермен 30 күндік әскери жиын жұмыстары басталды. Жиын 1- 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Шара Қазақстан Республикасы ҰҚК мен ҰҚК Шекара қызметінің 2022-2023 жылдарға жұмылдыру дайындығын дамыту жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Негізгі мақсаты – әскери міндеттілерді қайта дайындықтан өткізу, олардың кәсіби деңгейін көтеру. Жиынға Түркістан облысының 14 ауданынан жалпы саны 70-тен аса запастағы әскери міндетті қатысуда. Олар мерзімді әскери қызметте болған, сонымен қатар жоғарғы оқу орнын бітірген. Араларында жоғарғы оқу орындарында әскери кафедра бітірген азаматтар да бар.

​Қазіргі таңда запастағы әскери міндеттілермен Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының «Дарбаза» әскери атыс алаңы базасында жоспарлы түрде сабақтар өткізіледі әрі заманауи қару-жарақ, техникалармен таныстыру, арнайы жаттығулар өткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, әскери міндеттілер мемлекет тарапынан ақшалай жалақы, тегін әскери киім- кешек пен тамақпен қамтамасыз етіледі. Және медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылған.
Жиын запастағы әскери міндеттілердің әрдайым әскери дайындықта және физикалық тұрғыдан шымыр болуына септігін тигізеді.

Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібін дамытудың арнайы қоры құрылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлімдеген еді.»Біздің армия жоғары технологиялық қару-жарақ және әскери техникамен, соның ішінде бронды техника, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруларымен қамтамасыз етілуге тиіс. Техниканы жедел жөндеу бойынша өндірістік қуаттылықты нығайтып, отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту керек»,- деген еді Президент. Айтуынша, бізде тиісті материалдық техникалық база, құзыреттілік және кадрлар бар. Оларға тиісті ведомстволардан тапсырыстар қажет.
«Заманауи технологиялар трансферті мен жаңа өндірістерді ашу жұмысын жалғастыру керек. Отандық кәсіпорындарды тікелей қаржылай қолдау тетігі Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамытудың арнайы қоры болады», — деді Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *