ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПАРААКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ ЕЛ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУДА

Сербияда академиялық және параакадемиялық есуден әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі сынға ұлттық құрама сапында Түркістан облысының екі параакадемиялық есу шебері барды. Олар: Темірхан Дайырбек пен Ақберен Балабек.
Айта кетерлігі, бұл спортшылар Қазақстанның параакадемиялық есу спорты тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысушылар етінде спорт жылнамасына еніп отыр. Егер жоғары нәтижеге қол жеткізсе, Париж паралимпиадасына жолдамаға ие болмақ.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы, Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің директоры Денис Жарменов Халықаралық академиялық ескек есу федерациясының (FISA) басшысы Жан-Кристоф Ролланмен, сондай-ақ Халықаралық академиялық ескек есу федерациясының (FISA) Бас хатшысы Винсент Гейллардпен кездесті. Жүздесуде Түркістан өңірінде академиялық ескек есу спортының даму қарқыны туралы баяндалып, Қазақстанда академиялық ескек есу спортын дамыту бойынша бірлесе жұмыс атқару бастамалары талқыланды. Жан-Кристоф Ролланға Қазақстанға, оның ішінде Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келу жөнінде ұсыныс берілді.
Айта кетейік, параакадемиялық спортын дамыту Қазақстан бойынша тұңғыш рет Түркістан облысында қолға алынып, даму үстінде. Бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта өңір спортшылары Паралимпиада ойындарына, әлемдік додаларға көптеп қатысады деген жоспар бар.
Бұдан өзге, Румынияның Констанца қаласында ұлттық спорт түрлерінен әлем кубогы мәреге жетті. Биыл екінші рет өткен дүбірлі дода аясында асық ату мен бес асықтан сайыстар өтіп, жеңімпаз және жүлдегерлер белгілі болды.
Атап айтар болсақ асық атудан «Қазақстан-1» құрамасы топ жарса, еліміздің екінші құрамасы екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Германия командасы түйіндеді.
Бес асықтан өткен сында Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмесе, Түркия мен Румыния екінші-үшінші орындарды өзара бөлісті.
Жеңімпаз атанған спортшылар ішінде Түркістан облысының екі бірдей өкілі бар. Өз таланттарымен танылған Алмас Қарабаев пен Мұхамеджан Нұрланұлы ұлттық құрама сапында бас жүлдеге ие болды.
Қыркүйек айының 1-4 күндер аралығында, Румынияның Констанца қаласында тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату және асық атудан жерлестеріміз жүлделі орындардан көрінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *