ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ АСЫҚ АТЫП, ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Румынияның Констанца қаласында ұлттық спорт түрлерінен әлем кубогы мәреге жетті. Биыл екінші рет өткен дүбірлі дода аясында асық ату мен бес асықтан сайыстар өтіп, жеңімпаз және жүлдегерлер белгілі болды.
Атап айтар болсақ асық атудан «Қазақстан-1» құрамасы топ жарса, еліміздің екінші құрамасы екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Германия командасы түйіндеді.
Бес асықтан өткен сында Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмесе, Түркия мен Румыния екінші-үшінші орындарды өзара бөлісті.
Жеңімпаз атанған спортшылар ішінде Түркістан облысының екі бірдей өкілі бар. Өз таланттарымен танылған Алмас Қарабаев пен Мұхамеджан Нұрланұлы ұлттық құрама сапында бас жүлдеге ие болды.
Қыркүйек айының 1-4 күндер аралығында, Румынияның Констанца қаласында тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату және асық атудан жерлестеріміз жүлделі орындардан көрінді.
Дүбірлі доданың бағдарламасына енген спорт түрлерінің қатарында қазақтың ұлттық спорт түрлері – қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ бар. Әр елдің ұлттық спортын насихаттауға арналған әлемдік сынға дәстүрлі садақ ату спорты да кірген. Бұл додаға Қазақстан құрамасы спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Әлем кубогы барысында ұлттық дәстүр насихатталып қана қоймай, өзге күрес түрлерінен де фестивальдер өтті. Атап айтқанда, құраш, аба және қырым күрестері бойынша сайыстар, ат жарыс, садақ ату, семсерлесу, найзамен айқасу сынды көшпенділер ойындары ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, тоғызқұмалақ және мангала ойындарының таныстырылымы ұйымдастырылды. Қазақ күресінен Әлем кубогында топ жарған спортшылар медальдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Әлем Кубогіне қатысушы Қазақстан құрамасы сапында Шымкент қаласынан тоғызқұмалақ ойыны бойынша Темірбаев Ғалымжан блиц және рапид түрлері және Сапарбекова Салтанат рапид түрінен бақ сынаса, дәстүрлі садақ атудан Абдикаримов Мақсат топ жарды, ал асық атудан Молжігітов Нұрқанат өз өнерін көрермендерге арнап алтыннан алқа тақты.
Нәтижесінде,
Дәстүрлі садақ ату
Абдикеримов Мақсат
Абдикеримов Мақсат
Асық ату
Молжігітов Нұрқанат
Тоғызқұмалақ
Темірбаев Ғалымжан
Темірбаев Ғалымжан
Сапарбекова Салтанат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *