ТҮРКІСТАН: Келестік азамат тігіншілікпен табыс тауып жатыр

 Құрақ құрап, киім және ат жабыдықтарын тігумен айналысуда. Келестік Әбдіжаппар Махмұтбеков тігіншілікті жанына серік еткен. Келес ауданының Бозай ауылында тұратын Әбдіжаппар Махмұтбеков тігіншілікті жанына серік еткен. Ол жастайынан сурет салуға қызығып, кейіннен дизайнер болуды армандаған. ІІІ топ мүгедектігі бар Әбдіжаппар Мұзапбарұлы Шымкент қаласында №5 колледжде тігінші мамандығы бойынша білім алып, бүгінде құрақ құрап, киім және ат жабыдықтарын тігумен айналысуда. «Баламыз жастайынан зерек, сызба сызуға құмар болып өсті. Нәресте уақытында сырқаттанып, ерекше балалардың қатарына қосылды. Сонда да өз қызығушылығының арқасында бүгінде қолы гүл қолөнер шебері атанып отыр. Кәсібін киім тігіп бастады. Кейін көрпешелерге арналған құрақ құрап, түрлі пластик бөтелкелерден көркем гүлдер істеп, балабақшаларға таратты», – деді Әбдіжаппардың анасы Жұлдыз Әдеева. Махмұтбековтер әулетінде арғы аталары суретші болған екен. Анасының пайымдауынша баласына қасиет сол аталарынан қонған екен. Әбдіжаппар Махмұтбеков мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, тігін машинасын сатып алыпты. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, ауыл жастарын қолөнер саласына тәрбиелеуді жоспарлап отыр. «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты бойынша 2,5 пайызбен несие алуға ниетті. Жергілікті атқарушы орган өкілдері қажетті сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетсек, жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – кез келген мақсатқа 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды. Оған сәйкес несие алуға ниетті азаматтарда кепілге қою мүмкіндігі көбейеді. Атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты, республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік, жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері, жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері, бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері, мамандандырылған техника кепілге қоюға жарамды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *