ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкерлер 32,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген

2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Келесте шағын және орта бизнес өкілдері 32,6 млрд теңгенің өнімін өндірген . Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестиция тарту тапсырмасын жүктеген болатын. Облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысының оңтүстік аудандарының басшылары облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, тәжірибе алмасу, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қытай еліне іссапарға барған болатын. Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Сонымен қатар, олардың саны соңғы үш жылда 31,6 пайызға өсіп, олармен өндірілген өнім көлемі 32,6 млрд. теңгеге жетті. Осы орайда аудан бюджетінің өзіндік кірістері артып келеді.

Ал Сарыағаш ауданында тәулігіне 3 млн 200 000 мың дана сағыз, 3 000 кг шоколад, 165 000 дана чупа – чупс шығарылады. Өндіріс орнында 100-ден аса адамды жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтыған. «Fresboom» ЖШС-і 28 түрлі кондитерлік өнім шығарып жатыр. Мұнда өндірілген тәттілер қазіргі таңда көрші Ресей мемлекеті мен еліміздің барлық облыс, қалаларына жеткізілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әкімдерге қояр талаптарының бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру, өндіріс орындарын ашып, жұмыс орындарын көбейту. Бұл бағыттағы жұмыстарға күш салынды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Fresboom» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорында болып, кәсіпкерлермен кездесті. Аталған кәсіпорын 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған. Сарыағаш ауданындағы жылыжайларды, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ескере отырып, жеміс-жидек өнімдерін кептіру, көкөністерді қайта өңдеу бағытын дамыту қолға алынды. Осыны ескере отырып, «Damdes Agro» қазақстандық компания қытайлық компаниямен (GUAN-FANG Food Machinery) келісім жасап, жалпы құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ол жерде көкөніс мұздатқыш (шоковая заморозка), жеміс-жидек өнімдерін кептіру, көкөністерді қайта өңдеу және орау материалдарын (упаковка) шығару цехтары ашылатын болады. 50 адам жұмыспен қамтылады. Облыста бизнесті қолдау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, қажетті шаралар қабылдануда. Осы қолдауларды тиімді пайдаланып, өндірісті кеңейтіп және жаңа өндіріс ошақтарын ашу бағыты бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауданда шағын және орта бизнес саны 20 мыңнан асты. Олармен өндірілген өнім көлемі былтыр 87 млрд. теңгені құрады. Биыл Сарыағаш ауданында қосымша 3,2 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *