Бүгін С. Қожанов атындағы Созақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде ауданның 95 жылдығы аясында «Созақ: көнеден бүгінге дейін…» атты музейлік шеруі өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшының орынбасары Асылхан Темірхан, Сатыбалды Нарымбетовтың бауырлары, кинорежиссер Сатыбалды Текеев, қаламгер Өтеш Қырғызбаев, Түркістан облысының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбеков, және тарихшы, шежіреші, өлкетанушы Рахманберді Жапбарқұлұлы бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшының орынбасары Асылхан Темірхан біртуар азамат жайлы естелігімен бөлісті. Содан соң Өтеш Қырғызбаевты 70 жылдық мерейлі жасына жылы лебізін білдіріп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын тапсырды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қазақ ұлттық кинематографиясының белгілі шебері, мемлекеттік және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетовтің қазақ кино өнеріне сіңірген еңбегі мен артында қалдырған мұраларына тоқталып өтті. Сондай-ақ Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Өтеш Қырғызбаевқа деген ізгі тілегін арнап, алдағы күндеріне шығармашылық табыстар тіледі.
Сонымен қатар, Кинорежиссер Сатыбалды Оразәлі тағылымды шараның маңыздылығына тоқталып, Сатыбалды Нарымбетовты еске алуға және көрнекті қаламгер Өтеш Қырғызбаевтың мерейтойына арналған экспозициялық бұрыштың салтанатты түрде лентасы қиылды.
Шара барысында қонақтар туған өлкенің тарихын түгендеп, өсіп-өркендеуін ұлықтап, өскелен ұрпаққа тағылымды тәрбие беруді дамыту мақсатында ауданымыздың қолөнер шеберлерінің арнайы дайындаған көрмсін тамашалады. Содан соң қазақ елінің аяулы перзенті Сатыбалды Нарымбетовты еске алуға арналған «Тарих тудырған тұлға» деректі фильмі көрсетілді.