Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Сауран ауданында жұмыс сапармен болды. Ол Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалық мақта егумен айналысады. мақта өңдеу цехі бар. Биыл 800 гектар егістік жерге «Түркістан» сортындағы мақта еккен. 1 га-дан 45 цн өнім алынады деп күтілуде.
Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 12771,9 га егістік жерге шитті мақта егіліп, (33 цн) 42147 тн өнім жиналған. Биылғы жылға 11666,0 га егілді. Болжам көлемі (34 цн) 39665 тн жиналады деп күтілуде. Бүгінгі күнге 155,0 га мақта терілді.
Ауданда 6 мекемеге қарасты 16 мақта қабылдау бекеті мақта қабылдауға дайын.
Ауылшаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек Сауран ауданы бойынша 2022 жылы шет мемлекеттерге мақта дақылдарын өткізген. Олар:
«Картекс Агро» АӨК — Ресей федерациясына ауыр жүк көліктері арқылы 200 тн мақта жіберген. «Картекс Агро» АӨК — Чехия, Латвия елдеріне SIA «Trans Trade Logistic» логистикасы арқылы 200 тн мақта жіберген. «Goldеn Cotton» ЖШС – Ресей Федерациясына 136 тн, Иран еліне – 250 тн, Молдова еліне – 100 тн мақта дақылын жіберген. Сауран ауданы бойынша мақтаны терең өңдейтін кәсіпорындар жоқ.
Ацта кетсек, Түркістан облысында шаруаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру шаралары жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығының сала мамандары Сарыағаш және Келес ауданы диқандарымен көктемгі егіс науқаны бойынша қаржылай қолдау көрсету мақсатында кездесу өтті. Негізгі жоспар – ауыл шаруашылық субъектілерін несие алуға ынталандыру.
Жиында егін егуге, егістікке қажетті техника сатып алауға ниетті шаруаларға мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндік мол екені баяндалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Оспановтың айтуынша, кәсібін өркендетемін деген диқандарға көктемгі егіс жұмыстарына қажетті қаражатты мемлекеттің қолдауы аясында төмен пайызды несие рәсімдеу арқылы қол жеткізе алады.
«Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2 млрд теңге көлемінде қаражат тарту мақсатында келісім-шарт түзілуде. Біз түскен қаржыны шаруалардың қолына дер кезінде жеткізуге дайынбыз. 2019 жылы бөлінген қаражат көлемі 1,7 млрд теңгені құраған. Оны толық игеріп, қайтардық. Бүгінде аудандардағы шалғай елді мекен диқандарымен тікелей кездесу жұмыстарын жүргізудеміз», -деді «Ырыс» МҚҰ-ң басқарма төрағасы М. Мыңбаев.