ОРДАБАСЫ АУДАНЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.
Апталық жиында аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелер, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жағдайы және БАҚ-на жарияланған сыни материалдар, жер саласындағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер бойынша 3 бөлімнің баяндамасы тыңдалды.

Әуелі аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды айтып өтті. Негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша биылға 4094,0 млн теңге жоспарланып, жоспарды орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 6 жоба жүзеге асырылып, 1388,0 млн теңге инвестиция тартылып, 15 жұмыс орны ашылды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, ауданға инвестиция тарту бойынша өткен жылы 13,9 млрд теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 17,5 млрд теңге болады деп күтілуде», деді бөлім басшысы өз баяндамасында.

Өз кезегінде аудан басшысы ауылдардың ең басты көрсеткіші өндіріс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту екендігіне тоқталып, салалық бөлімге ауылдық округ әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керек деді.
Мұнан соң аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхахтың есебі тыңдалды.
Бөлім басшысы әлеуметтік желілер мен ресми БАҚ-та жарияланған сыни ақпараттар бойынша коммуналдық салада көрсеткіштің көп екендігіне тоқталып, қоғаммен кері байланыс орнатуда бөлімдердің жұмыс жоспарына қысқаша талдау жасады.

Аудан бойынша 134 билборд орналастырылса, 10 көрнекі ақпарат құралдарының тозығы жеткен. 3-і бос тұр. Ауыл округтер бұл бағыттарды жұмыстарды жүйелей түсу керектігін тілге тиек етті.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков жер саласындағы атқарылған жұмыстарға, оның ішінде 2023 жылғы ауданның ортақ жайылым көлемін ұлғайту бойынша жұмыстарға қысқаша шолу жасады.
Бөлім басшысының айтуынша биыл ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары 8700 гектар болса, маусым айындағы көрсеткіш бойынша 3530 гектар жер ортақ пайдалануға берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда.
Баяндамашының есебін тыңдаған Азат Әбдіғалиұлы бөлімдердің алға қойған жоспарларының өз деңгейінде уақытылы орындауын салаға жауапты әкім орынбасаларлары қадағалауға алуын тапсырды. Әрі жаңа жобалар арқылы бөлімдердің жұмысын онан ары жандандыру уақыт талабы екенін ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *