САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев қала сыртында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, қазіргі жай-күйімен танысты.
Аудан әкімі жеке кәсіпкер «Байбуриева Т.У. тарапынан жүргізіліп жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын уақытынша күтіп ұстауға тиісті тапсырмалар беріп, алдағы уақытта кемшіліктерді толығымен қалпына келтіруді тапсырды.
Айта кетсек қалдықтарды шығаруға, жинақтауға арналған полигон Сарыағаш қаласынан — 8 шақырым. Жалпы ауданы — 9 гектар. Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар полигон жеке кәсіпкер «Байбуриева Т.У. уақытынша күтіп ұстауға берілген.
Мемлекет басшысы — Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 2023 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 16:30-да «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Сарыағаш аудандық бөлімінде (Халыққа қызмет көрсету орталығы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша қоғамдық қабылдау өтетін болады.
Қоғамдық қабылдау барысында Сарыағаш аудандық әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдердің мамандары тарапынан, сәулет, жер қатынастары, білім, жол, экономика, тұрғын үй, спорт, әлеуметтік, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы салалары және Электронды Үкімет egov.kz веб-порталы қызметтері бойынша консультациялық кеңестер берілетін болады.
Қосымша ақпар, аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміндегі ғимараттың жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Айта кетсек, аталған ғимараттың жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын ағымдығы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.
Ғимараттың жөндеу жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *