Бүгін аудан әкімі Құркелес ауылдық округі аумағындағы М.Мақатаев мектебіне Рамадан каналының жалғасы болып табылатын Р-4-3 каналынан шығып жатқан сызат суларды тоқтату бойынша су шаруашылығы мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында, мамандар тарапынан канал арнасын механикалық тазалаудан өткізу, көпірлдерді көтеру және тағыда басқа ұсыныстар айтылды.
Бұл ретте, аудан әкімі айтылған ұсыныстардың негізді екендігін атап өтіп, тиісті жұмыстарды атқару үшін мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, орындалуын бақылайтынын жеткізді. Бұдан өзге, аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы 13 көпқабатты тұрғын үй аумағына арнайы барып, көгалдандыру мақсатында жүргізіліп жатқан суару жүйелерінің құрылыс жұмыстарымен танысып, сондай ақ тұрғындардың өтініші бойынша 13 көпқабатты тұрғын үй аумағынан аялдама салу мәселесі көтерген болатын.
Аудан басшысының тапсырмасымен бүгінгі таңда аялдаманың құрылыс жұмыстары басталуда.
Айта кетсек, Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі бойындағы жасыл желектерді суғару жүйесін жүргізу мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан су құбырлары толыққанды тартылып, су айдағыш насостарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Суғару жүйесінің жұмыстарымен танысқан аудан басшысы атқарылған жұмыстардың барысын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер мекеме басшыларына суғару жүйесін жобаға сәйкес жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, Арман Абдуллаев қала сыртында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, қазіргі жай-күйімен танысты.
Аудан әкімі жеке кәсіпкер «Байбуриева Т.У. тарапынан жүргізіліп жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын уақытынша күтіп ұстауға тиісті тапсырмалар беріп, алдағы уақытта кемшіліктерді толығымен қалпына келтіруді тапсырды.
Айта кетсек қалдықтарды шығаруға, жинақтауға арналған полигон Сарыағаш қаласынан — 8 шақырым. Жалпы ауданы — 9 гектар. Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар полигон жеке кәсіпкер «Байбуриева Т.У. уақытынша күтіп ұстауға берілген.