ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ГҮЛ ӨСІРІП АЙЫНА 1 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ТАБАДЫ

Бүгін Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер аудандағы Қазыбек би ауылдық округіндегі гүл өсіруші “Салих” шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ағайынды Нартаевтар үйіргелік 3 соттық жер теліміне жылыжай салып бастаған. Кейін гүл өсіріп сату ісін қолға алып, жылыжай аумағын 15 соттыққа жеткізген. Қазіргі таңда жылыжайда құмыраға отырғызылған гүлдің 40-тан астам түрі өсіріледі. Қожалық әр гүлді 500-10000 теңге арылығында саудалап, айына 1 млн теңге табыс тауып отыр. Гүл бағында 10 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Баспасөз турында журналистер «Ауыл Аманаты» бағдарламасымен қаржы алып, кәсібін бастаған шаруалармен кездесті. Ж.Ералиев ауыл округі, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Асрор Қамбаров “Ауыл аманаты” жобасымен 2,5%-дық несие алып, 20 соттық жылыжай ашқан. Онда қияр егіп, 7-8 тонна өнім алып отыр. Бүгінде төрт адам жұмыспен қамтылған.
Түркістан өңірінде бірнеше бағыттарда өңіраралық кооперацияны дамытудың жоғары әлеуеті бар. Біріншіден, өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі мол.

Сонымен қатар пластмассадан жасалған бұйымдар пластикалық ойыншықтар, пластикалық ыдыстар, автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар және т.б. өндірісін дамытуға болады. Екіншіден, агроөнеркәсіп кешені саласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ел көшбасшыларының бірі екені белгілі. Ірі қара және ұсақ мүйізді мал басы (5,9 млн), ет экспортының көлемі (80%), сондай-ақ жеміс-жидек экспорты (26%) бойынша үнемі алдыңғы қатарда. Бүгінгі таңда өңірде дәнді, жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу басым бағытқа ие.

Түркістан облысының негізгі инвестициялық кешендері – дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар мен қатысушыларына түрлі салық жеңілдіктерін беретін «Түркістан» арнайы экономикалық аймағы. Арнайы экономикалақ аймақ шамамен 4000 га аумақта орналасқан және 6 қосалқы аймақтан тұрады, олар: тарихи-мәдени орталық (862 га), әкімшілік-іскерлік орталық (1580 га), 3 өнеркәсіптік аймақ (365 га – Оранғай, 180 га – Түркістан, 35 га – Кентау) және әуежай (967 га).

Үшіншіден, туризмді дамыту – облыс экономикасының басым бағыттарының бірі. Мәселен, соңғы 3 жылда облыста туризмге құйылған инвестиция көлемі шамамен 600 млн. АҚШ долларын құрап, жыл сайын шет мемлекеттерден туристер ағынының артуы байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *